Джон Керри Трамптың Иранға қарсы саясаттарын тағы сынады
(last modified Mon, 10 Sep 2018 09:36:24 GMT )
Қыр 10, 2018 15:36 Asia/Almaty
  • Джон Керри Трамптың Иранға қарсы саясаттарын тағы сынады

АҚШ-тың бұрынғы Мемлекеттік хатшысы жексенбі күні CNN арнасына берген сұхбатында бұл елдің қазіргі үкіметінің Иранға қарсы саясаттарын қауіпті деп сипаттап: "Дональд Трамп "АҚШ-қа сенім артуға болмайды" деп айтқан адамдардың рас айтқанын дәлелдеді",- деді.

Fars ақпарат агенттігінің мәліметіне сәйкес, АҚШ-тың бұрынғы үкіметі кезінде Иранмен арадағы келіссөздер мен ядролық келісімге келу жөніндегі негізгі жауапты тұлға болған Джон Керри АҚШ-тың "Ортақ қадам" бағдарламасынан шыққанын сынға алып: "Вашингтонның бұл әрекеті ешқандай стратегияға негізделмегенін көрсетті",- деді.

Джон Керри мұның алдында да Трамптың Иран мен "Ортақ қадам" бағдарламасына қарсы саясаттарын сынаған болатын.