Сайеб Ариқат Гаага халықаралық сотына сионистік режимнің үстінен шағым түсірді
Палестинаны азат ету ұйымының атқарушы комитетінің бас хатшысы Сайеб Ариқат сионистік режимге қарсы шағымын БҰҰ-ның Гаагадағы халықаралық сотына тапсырды.
Mehr News ақпарат агенттігінің сейсенбі күнгі El Nashra агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Ариқат АҚШ-тың Тель-Авивке қолдау көрсетіп жатқанына тоқталып: "АҚШ ақиқаттарды теріске шығару палестиналықтардың жойылуына себеп болады деп ойлап отыр",- деді.
Ол америкалықтардың Газа секторын Иордан өзенінің батыс жағалауынан біржолата бөлуді көздеп отырғанына сілтеме жасап: "Газа секторының "Ғасыр мәмілесі" атты сұрқия жоспарды сәтсіздікке ұшырататыны күмәнсіз. Алайда бұл маңызды мақсатты жүзеге асырудың бастамасы жікшілдікті доғарып, ұлттық біртұтастыққа қол жеткізуге байланысты",- деді.
Америкалық "Ғасыр мәмілесі" атты жоспарға сәйкес, Құдс сионистік режимге беріліп, басқа мемлекеттерде өмір сүрып жатқан палестиналық босқындардың өз отандарына қайта оралуға құқықтары болмай, Палестина территориясына тек Иордан өзенінің батыс жағалауы мен Газа секторы кіретін болады.