Ресейде соңғы 30 жылдағы ең ірі әскери жаттығулар басталды
Ресей Қорғаныс министрі "Восток-2018" әскери жаттығуларының сейсенбі күні Сібірдің бірнеше аймағы мен Қиыр Шығыста басталғанын, оған 300 000-нан астам әскеридің қатысып жатқанын хабарлады.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, жаттығуларға Ресейдің Шығыс және Орталық әскери округтерінің федералды әскери күштері, елдің солтсүтігіндегі әскери-теңіз флоты, әуе десанты, алыс қашықтыққа ұшатын және әуе тасымалы күштерінің бөлімдері қатысуда.
Ресейдегі "Восток-2018" әскери жаттығуларына ҚХР мен Моңғолия әскерінің бөлімдері де қатысып жатыр.
ҚХР Қорғаныс министрі өз елі әскерилерінің "Восток-2018" әскери жаттығуларына қатысуының себебін Ресеймен әскери саладағы ынытмақтастығын нығайту деп атады.
Жалпы алғанда, жаттығуларға 36 000 танк, сауытты көлік пен түрлі әскери көліктер, 1000-нан астам тікұшақ, әскери ұшақ, барлау және шабуылдаушы ұшқышсыз ұшақ және Ресейдің Тынық мұхиты мен солтүстік шекараларындағы қосымша әскери кемелері қатысуда.