Иран Жапонияда компьютерден өткен халықаралық олимпиадада 4 медаль алды
30-шы Халықаралық компьютер олимпиадасы әлемнің 85 мемлекетінен келген 300-ден астам оқушының қатысуымен тамыздың 30-нан қыркүйектің 8-не дейін Жапонияның Ибараки аймағында өтті.
ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, төрт оқушыдан құралған ИИР-ның командасы бір алтын, екі күміс және бір қола медальға ие болды.
Жапониядағы Иран елшісі Мортаза Рахмани Мовахед олимпиадаға қатысқан ирандық оқушыларға алғыс айтты.