Вашингтонда Палестинаны азат ету ұйымының кеңсесі жабылды
https://itolqyn.com/news/world-i39020-Вашингтонда_Палестинаны_азат_ету_ұйымының_кеңсесі_жабылды
Палестинаны азат ету ұйымының Вашингтондағы кеңсесі АҚШ Президентінің бұйрығымен өз жұмысын тоқтатты.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Қыр 14, 2018 20:57 Asia/Almaty
  • Вашингтонда Палестинаны азат ету ұйымының кеңсесі жабылды

Палестинаны азат ету ұйымының Вашингтондағы кеңсесі АҚШ Президентінің бұйрығымен өз жұмысын тоқтатты.

France Press ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Палестинаны азат ету ұйымының Вашингтондағы кеңсесі бейсенбі күні өз жұмысын тоқтатып, Трамптың бұл шешімін кекшілдік деп атап: "Палестина халқы бір ұлт ретінде өз жолын таңдады",-деді. АҚШ Президенті Дональд Трамп дүйсенбі күні Вашингтонда Палестинаны азат ету ұйымының кеңсесін жабу туралы шешімін жариялады.

АҚШ-тың Мемлекеттік департаменті де осыдан бұрын елінің Палестиналық босқындарға жәрдемдесу және жұмыспен қамту агенттігіне (UNRWA) қаржылай көмек беруді тоқтататынын хабарлаған болатын.