Вашингтонда Палестинаны азат ету ұйымының кеңсесі жабылды
Қыр 14, 2018 20:57 Asia/Almaty
Палестинаны азат ету ұйымының Вашингтондағы кеңсесі АҚШ Президентінің бұйрығымен өз жұмысын тоқтатты.
France Press ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Палестинаны азат ету ұйымының Вашингтондағы кеңсесі бейсенбі күні өз жұмысын тоқтатып, Трамптың бұл шешімін кекшілдік деп атап: "Палестина халқы бір ұлт ретінде өз жолын таңдады",-деді. АҚШ Президенті Дональд Трамп дүйсенбі күні Вашингтонда Палестинаны азат ету ұйымының кеңсесін жабу туралы шешімін жариялады.
АҚШ-тың Мемлекеттік департаменті де осыдан бұрын елінің Палестиналық босқындарға жәрдемдесу және жұмыспен қамту агенттігіне (UNRWA) қаржылай көмек беруді тоқтататынын хабарлаған болатын.
Тегтер