Салехи Венадағы АҚХА-ның конференциясына қатысуда
Жексенбі күні Венада Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінің (АҚХА) жыл сайын шақырылатын бас конференциясының 62-ші кезеңі басталды. Иран вице-президенті әрі Атом қуаты ұйымының басшысы Али Акбар Салехи осы конференцияға қатысу үшін жексенбі күні Венаға келіп жетті.
АҚХА-ның басты міндеті халықтардың бейбіт сипатты ядролық технологияларды пайдалану құқығын қорғау саналады. Осы аяда "Ортақ қадам" бағдарламасы бір жағынана Иран халқының "Ортақ қадамға" сәйкес құқықтарын қамтамасыз етіп, екінші жағынан АҚХА-ның бақылауымен үнемі бейбіт сипатқа ие Иранның ядролық әрекеттеріне қатысты сенім тудыру мақсатында дипломатия мен АҚХА үшін қолайлы мүмкіндік тудырды.
Венадағы конференция АҚХА-ның бас хатшысы Юкия Аманоның өткен дүйсенбі күні АҚХА басшылары кеңесінің отырысында сөйлеген кіріспе сөзінде тағы Иранның "Ортақ қадам" ядролық келісімі шеңберіндегі өз міндеттемелерін орындап жатқанын баса айтқан жағдайда өткізіліп жатыр.
Амано Иранның АҚШ-тың "Ортақ қадам" бағдарламасынан біржақты шыққанына қатысты ұстамдылық көрсеткені үшін үнемі алғыс білдіріп келді. Бұл Иранның өзінің барлық міндеттемелерін орындап, АҚХА мен "Ортақ қадамның" басқа мүшелерінің әлі күнге дейін өз мінеттемелерін орындамағанын білдіреді.
Қазіргі кезде АҚШ ресми түрде "Ортақ қадам" ядролық келісімінен шығып, АҚХА-ның қадағалау әрекеттеріне қайшы Иранға қарсы ядролық санкцияларын қайтадан күшіне енгізді. Бұл қатынас АҚШ-тың "Ортақ қадам" келісімін бұзу арқылы АҚХА-ны беделінен айырғанын көрсетеді әрі АҚХА-ның ядролық келісімдегі міндеттемелерін растайтын жалғыз орган болған жағдайда орын алып отыр. ИИР президенті Венаға жасаған соңғы сапары барысында Юкия Аманомен өткізген кездесуінде дәл осы мәселеге тоқталып: "Бұл жағдайда келісімнің басқа тараптары аталмыш әрекетке қарсы табандылық танытып, тараптардың өз міндеттемелерін орындау жағдайының тепе-теңдіктен шығуын өтеуі тиіс",- деді.
Тәжірибе АҚХА-нің үнемі АҚШ пен басқа мемлекеттердің саяси шешімдеріне бағынып, өз жауапкершіліктерін орындамағанын көрсетті.
Иранның тоғызыншы Мәжілісінің Ұлттық қауіпсіздік пен сыртқы саясат жөніндегі комиссиясының баспасөз өкілі және сыртқы саясат мәселелері жөніндегі сарапшы Ноузар Шафидің пікірі бойынша, АҚХА-ның соңғы жылдардағы Иранның іс-құжатына қатысты әрекеті мен әдісінде техникалық көзқарасқа қарағанда саяси көзқарасы басым болған.
АҚХА-нан тек Иранға ғана қатысты емес, сондай-ақ басқа да міндеттеріне қатысты бейтарап ұстаныммен әрекет етіп, 200-ден астам ядролық оқтұмсыққа ие Израиль режимінің әскери әрекеттеріне қатысты алаңдаушылықтарға қатысты жауап беру күтіліп отыр.