Иранның Венадағы өкілі АҚХА-ның жыл сайынғы конференциясы басшысының орынбасары болып таңдалды
(last modified Mon, 17 Sep 2018 17:36:04 GMT )
Қыр 17, 2018 23:36 Asia/Almaty
  • Иранның Венадағы өкілі АҚХА-ның жыл сайынғы конференциясы басшысының орынбасары болып таңдалды

Венада орналасқан халықаралық ұйымдардағы ИИР-ның тұрақты өкілі әрі елшісі АҚХА Бас ассамблеясының 62-ші отырысы басшысының орынбасары ретінде таңдалды.

ISNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, АҚХА Бас ассамблеясының 62-ші отырысының бірінші күні Казем Ғарибабади Таяу Шығыс пен Оңтүстік Азия аймағынан осы конференция басшысы Марта Зякованың орынбасары ретінде таңдалды.

АҚХА Бас ассамблеясының 62-ші отырысы Венада дүйсенбі күні басталып, бейсенбі 20 қыркүйекке дейін жалғасады.

Иран Атом Қуаты Ұйымының төрағасы Әли Акбар Салехи де осы конвенцияға қатысу үшін ирандық делегацияны бастап Венаға келді.