Иранның Венадағы өкілі АҚХА-ның жыл сайынғы конференциясы басшысының орынбасары болып таңдалды
https://itolqyn.com/news/world-i39067-Иранның_Венадағы_өкілі_АҚХА_ның_жыл_сайынғы_конференциясы_басшысының_орынбасары_болып_таңдалды
Венада орналасқан халықаралық ұйымдардағы ИИР-ның тұрақты өкілі әрі елшісі АҚХА Бас ассамблеясының 62-ші отырысы басшысының орынбасары ретінде таңдалды.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Қыр 17, 2018 23:36 Asia/Almaty
  • Иранның Венадағы өкілі АҚХА-ның жыл сайынғы конференциясы басшысының орынбасары болып таңдалды

Венада орналасқан халықаралық ұйымдардағы ИИР-ның тұрақты өкілі әрі елшісі АҚХА Бас ассамблеясының 62-ші отырысы басшысының орынбасары ретінде таңдалды.

ISNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, АҚХА Бас ассамблеясының 62-ші отырысының бірінші күні Казем Ғарибабади Таяу Шығыс пен Оңтүстік Азия аймағынан осы конференция басшысы Марта Зякованың орынбасары ретінде таңдалды.

АҚХА Бас ассамблеясының 62-ші отырысы Венада дүйсенбі күні басталып, бейсенбі 20 қыркүйекке дейін жалғасады.

Иран Атом Қуаты Ұйымының төрағасы Әли Акбар Салехи де осы конвенцияға қатысу үшін ирандық делегацияны бастап Венаға келді.