Помпео бос сөзін қайталауда
Қыр 22, 2018 14:30 Asia/Almaty
АҚШ Мемлекеттік хатшысы жұма күні кешке CNN арнасына берген сұхбатында Иранды әлемдегі лаңкестіктің ең ірі демеушісі деп атап, АҚШ-тың Иранның әрекеттеріне қатысты үнсіздік танытпайтынын баса айтты.
ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Майк Помпео Вашингтонның Иранға қарсы дипломатиялық және экономикалық қысымдарын арттырып жатқанын мойындап, Иранның бүлдіргі әрекеттерінің алдын алу мақсатында АҚШ-тың Иран Ислам Ресбпуликасына қарсы қысымдарын арттырғанын мәлімдеді.
ИИР Ирак пен Сирияда осы ел үкіметтерінің ресми өтінішімен АҚШ пен одақтастарының қолдауына ие лаңкестік топтармен күресу үшін кеңес беруде. Бұл әрекет АҚШ-қа ұнамай отыр.
Тегтер