АҚШ Иранның мұнай экспортын тоқтатуда сәтсіздікке ұшырады
Иранның Ұлыбританиядағы елшісі жексенбі күні Лондондағы "Тоухид" орталығында "Қасиетті қорғаныс" апталығына орай өткізілген рәсімде АҚШ президенті Дональд Трамптың мұнай өндіру көлемін арттыру және оның бағасын төмендету туралы өз пікірін таңуда сәтсіздікке ұшырағанына сілтеме жасап: "АҚШ-тың пікіріне қайшы мұнай нарығында баға көрсеткіші артып, бүгінде әр баррелі 80 долларға жетіп отыр",- деді.
Хамид Баидинеджад АҚШ-тың Иранның мұнай экспортын тоқтатуда міндетті түрде сәтсіздікке ұшырайтынын баяндап: "Келешекте Иранның мұнай экспортының көлемі анықталады. АҚШ өзінің мақсаттарына жете алмайды.
Кейбіреулер егер АҚШ өз ұстанымына табандылық танытып, тіпті табысқа жеткеннің өзінде мұнай бағасының артатыны соншалықты, әлемдегі көптеген елдердің экономикасына қатты әсер етеді деген болжам жасауда ",- деді.