Иран президентінің Нью-Йорк сапары – аймақтық және халықаралық мәселелерді баяндау үшін мүмкіндік
(last modified Mon, 24 Sep 2018 12:57:13 GMT )
Қыр 24, 2018 18:57 Asia/Almaty
  • Иран президентінің Нью-Йорк сапары – аймақтық және халықаралық мәселелерді баяндау үшін мүмкіндік

ИИР президенті Хасан Рухани БҰҰ Бас ассамблеясының жыл сайынғы сессиясына қатысу үшін жексенбі күні Нью-Йоркке аттанды.

БҰҰ Бас ассамблеясының сессиясына қатысу – саяси және халықаралық өзара әрекеттестіктер тұрғысынан қатысушы елдер үшін жақсы мүмкіндік. Бұл мүмкіндік әртүрлі мәселелерге қатысты көзқарастар мен ұстанымдарды баяндау мақсатында Иран үшін де аса маңызды.

Бұл сапар бір жағынан екі маңызды тақырыпқа бағытталуы мүмкін: біріншісі – құрбандарының бірі Иран болып табылатын Батыс елдері мен олардың аймақтық одақтастарының қамқорлығындағы лаңкестік  мәселесі;

екінші тақырып та алғашқы мәселемен байланысты әлемдегі, әсіресе Батыс Азия аймағындағы бейбітшілік пен қауіпсіздік мәселесі.

Қыркүйектің жиырма екісі күні Ахваз қаласында лаңкестік шабуыл жасалып, әлемнің Иранның лаңкестік құрбандарының бірі екені туралы шындыққа көзі жетті. АҚШ-тың саясаты лаңкестікті құрал ретінде пайдалану және тұрақсыздық жағдайын тудыру үшін лаңкестік топтарды әлемнің түрлі аймақтарына жіберіп, содан кейін лаңкестікпен күрес сылтауымен басқа мемлекеттердің ішкі істеріне араласу саналады. Ауғанстан, Ирак, Сирия, Йемен бірнеше жылдан бері АҚШ, Израиль және Сауд Арабиясының басқыншылық саясаттарының мекеніне айналған. Бұл сұрқия коалиция салдарынан аймақ елдері үшін өтелмейтін ауыр салдарларын тигізген соғыс таңылып, лаңкестік етек жайды. Палестина мәселесі де ертеден келе жатқан ескі жара, ал Газа секторы болса Израиль режимінің басқыншылығы мен зорлық-зомбылықтарына үздіксіз ұшырап отыр.

Халықаралық қатынастар саласында да АҚШ-тың ашкөздігінен туындап отырған көптеген қиындық байқалып отыр. Осыған байланысты АҚШ-тың Иранға қарсы "Ортақ қадам" келісімін бұзу арқылы жасап жатқан қастық әрекеттерін мысалға келтіруге болады. АҚШ "Ортақ қадамнан" кейінгі әрекеттестік кеңістігіне шыдай алмай, өзара түсіністік кеңістігі мен  БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің қолдауына ие халықаралық келісімге нұқсан келтіріп, Иранның экономикалық және саяси байланыстарына кедергі жасауды көздеуде. АҚШ санкция салу мен қоқан-лоққы жасау арқылы әлемдегі еркін сауда үдерісіне бұзды. Бұл ешбір мемлекет үшін пайдалы емес. Аймақ тұрақты жүйе, жалпы қауіпсіздік, даму мен сындарлы экономикалық серіктестіктерді қажет еткен жағдайда АҚШ тынышсыздық тудырып, лаңкестік топтарға қолдау көрсету арқылы аймақты бөлшектеуді көздеп отыр.

ИИР жүйесіне қарсы соққы беру үшін әрбір мүмкіндікті жібермейтін және қазірден бастап БҰҰ Бас ассамблеясында Иранға қарсы психологиялық соғысты күшейтуге бар күшін салып отырған Трамп пен Израиль және Сауд Арабиясы секілді қылмыскер режимдердің жалған пікірлерін күткеннің өзінде аймақтың қазіргі маңызды жағдайына байланысты Иран президентінің БҰҰ Бас ассамблеясының сессиясына қатысуы отырыста АҚШ-тың дұшпандық әрекеттері мәселесін көтеру үшін қолайлы мүмкіндік саналады.