Германия АҚШ-тың Иранға қаты қысым көрсету саясатын сынады
(last modified Tue, 25 Sep 2018 14:24:58 GMT )
Қыр 25, 2018 20:24 Asia/Almaty
  • Германия АҚШ-тың Иранға қаты қысым көрсету саясатын сынады

Германия СІМ АҚШ-тың Иранға қатты қысым көрсетуге негізделген әдісін сынады.

Reuters ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Германия СІМ Хайко Маас сейсенбі күні Еуропа одағының Сыртқы саясат жөніндегі басшысы Федерика Могеринидің қатысуымен Нью-Йоркте өткен Иран мен Германия, Франция, Ұдыбритания, ҚХР мен Ресейден құралған "бестік топ" елдері СІМ-лерінің ортақ отырысынан кейін: "Иранға барынша қысым көрсету саясаты жалғыз өзі әсерлі болмайды, керісінше аймақтық текетірестердің артуына соқтырады",- деп мәлімдеді.

АҚШ "Ортақ қадам" келісімінен шыққаннан кейінгі Иран мен "бестік топ" елдері СІМ-лерінің екінші отырысы Федерика Могеринидің қатысуымен БҰҰ Бас ассамбелясының жыл сайынғы сессиясы аясында сейсенбі күні Нью-Йоркте өткізілді.

Иран және "бестік топ" елдері СІМ-лері отырысының соңында маңызды жайттар қамтылған ортақ мәлімдеме жарияланып, "Ортақ қадамға" мүше елдердің бұл келісімді толық әрі әсерлі түрде жүзеге асыру, соның ішінде санкциялардың күшін жою қажеттігі қуатталып, санкциялар күшінің жойылып, Иранның экономикалық мүдделерді пайдалануы "Ортақ қадамның" маңызды бөлігі ретінде мойындалды.