Макрон мен Моралес Трамптың "Ортақ қадам" туралы уәждеріне жауап берді
(last modified Thu, 27 Sep 2018 10:57:03 GMT )
Қыр 27, 2018 16:57 Asia/Almaty
  • Макрон мен Моралес Трамптың

Франция Президенті сәрсенбі күні АҚШ Президенті Дональд Трамп басқарған БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің отырысында «Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына табандылықтың Ұлыбритания, Франция мен Германия тарапынан ғана емес, барлық қатысушы елдер тарапынан сақталуы керектігін кесіп айтты.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Эммануэль Макрон: "Иранға санкция салу – шешім жолы емес, өйткені Иран бұрынғыдай "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына берік",-деп қуаттады.  

Сонымен қатар Боливия Президенті Эво Моралес АҚШ-тың Иранға қарсы біржақты саясаттарын айыптап: "Иран өз қуат көздерін өз қолына алғаны үшін АҚШ санкцияларының құрбанына айналды",-деді.

Моралес отырысқа қатысушыларға, соның ішінде Трампқа: "Сіздерге ашық айтайын: АҚШ демократияны мүлдем жақтамайды. Егер жақтағанда, төңкеріс жасамас еді, диктаторларды қолдамас еді, демократиялық үкіметтерге қарсы әскери әрекеттерге бармас еді",-деді.

АҚШ Президенті Дональд Трамп отырыстың басында төраға ретінде сөз сөйлеп, Иран мен "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына қарсы уәждерін қайталап, АҚШ-тың Иранға ауыр санкциялар салу арқылы Теһранның қатынасын өзгертіп, бұл елдің ядролық қаруға қол жеткізбеуін көздейтінін айтты.