Рухани мен БҰҰ-ның Бас хатшысы кездесті
ИИР Президенті Нью-Йоркте жергілікті уақыт бойынша сәрсенбі күні түстен кейін БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутеррешпен кездесуінде оның "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын сақтау туралы ұстанымдарын оң бағалап: "БҰҰ халықаралық заңдарды нығайту аясындағы өз міндетін ешбір елдің өз қалауы бойынша халықаралық міндеттемелерге, соның ішінде БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің қарарларына қарсы тұра алмайтындай атқаруы тиіс",-деді.
Хасан Рухани әлемдік қауымдастықта уағда бұзушылық пен заңсыздықтың үйреншікті іске айналмауы қажеттігін айтып: "БҰҰ Бас хатшысының диалог пен дипломатияның нәтижесінде қол жеткізілген сәтті келісімнің символы "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын сақтауға қатысты кесімді ұстанымдары әсерлі болмақ",-деді.
БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерреш те АҚШ-тың ядролық келісімнен шығуға шешім қабылдағанына қатысты Иранның сындарлы ұстаным білдіруіне алғыс айтып: "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы БҰҰ мен Қауіпсіздік кеңесінің растауына ие, сондықтан толығымен орындалуы тиіс. Алайда, Иранға қарсы санкциялар ешқашан БҰҰ-ның қолдауына ие болған емес және оның шешімдерінің аясына жатпайды",-деді.