Баку саммитінде Иран, Ресей және Әзірбайжанның ынтымақтастығын кеңейту қуатталды
(last modified Thu, 07 Apr 2016 16:24:26 GMT )
Сәу 07, 2016 22:24 Asia/Almaty
  • Баку саммитінде Иран, Ресей және Әзірбайжанның  ынтымақтастығын кеңейту қуатталды

Иран Ислам республикасы, Әзірбайжан және Ресей Сыртқы істер министрлері екіжақты, үшжақты және аймақтық айдындарда үш мемлекеттің ынтымақтастықтарын кеңейтуді қуаттады.

Бүгін, бейсенбі күні Бакуде Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф, Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров және Әзірбайжан Сыртқы істер министрі Эльмар Мамедьяров қатысқан үшжақты отырыс өтті.

ИРНА- ның хабарлауынша, Иран Сыртқы істер министрі Әзірбайжан республикасы мен Армения арасында атыс тоқтату келісімінің жарияланғанына ризалық білдіріп, екі елдің кикілжіңінің бейбіт жолмен шешілуіне үміт білдірді.

Зариф сондай- ақ Теһран, Мәскеу және Бакудің темір жол, транспорт және коммуникация, шекаралық, мәдени, діндер диалогы, банк және лаңкестікпен күрес саласында ынтымақтастықтары кеңеюінің маңыздылығын қуаттады.

Әзірбайжан мен Ресей Сыртқы істер министрлері Эльмар Мамедьяров пен Сергей Лавров та Әзірбайжан мен Армения дауы және екі ел арасында жарияланған атыс тоқтату бітіміне қатысты өз тұрғыларын мәлімдеп, лаңкестікке тосқауыл қоюды, солтүстік-оңтүстік байланыс дәлізін, туризм және транспорт саласын үш елдің ынтымақтастық жасау үшін маңызды негіздері деп атап, түрлі салада үш мемлекеттің байланыстарын кеңейтуге әзірлік танытты.