Әлиев пен Пашинян Қарабақта атысты тоқтату бітіміне берік екенін қуаттады
(last modified Sat, 29 Sep 2018 18:31:35 GMT )
Қыр 30, 2018 00:31 Asia/Almaty
  • Әлиев пен Пашинян Қарабақта атысты тоқтату бітіміне берік екенін қуаттады

Әзірбайжан Президенті мен Армения Премьер-министрі екі елдің Қарабақта атысты тоқтату бітіміне берік екенін қуаттады.

Ильхам Әлиев пен Никол Пашинян сенбі күні Тәжікстанның астанасы Душанбе қаласында ТМД елдері басшыларының отырысы аясында кездесіп, даулы Қарабақ аймағы туралы сұхбаттасты.

Әзірбайжан Президенті мен Армения Премьер-министрі кездесуде Баку мен Ереванның қақтығыс шебі аймағында атысты тоқтату бітімін нығайту және Қарабақ мәселесін шешу туралы келіссөздер үдерісіне берік болуды қуаттады.

Армения мен Әзірбайжан республикасы арасында 1988 жылдан бері Қарабақ аймағына қатысты әскери қақтығыс жүріп жатыр.