Саудия – лаңкестіктің қаржылай демеушісі
БҰҰ Бас ассамблеясындағы Иранның өкілі дүйсенбі күні Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі Адел әл-Джубейрдің Иранға қарсы бос сөзіне реакция білдіріп: "Әлем халықтары саудиялықтардың лаңкестікке қаржылай қолдау көрсететінін, аймақ пен әлемдегі бейберекеттіктердің факторы екенін біледі",- деді.
ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Аббас Голру БҰҰ Бас ассамблеясының 73-ші сессиясында Сауд Арабиясының идеология мен қисын дипломатиясын емес, ақша дипломатиясын жақсы білетіндігін айтып: "Саудиялықтар заңсыз мүдделеріне қауіп-қатердің төнгенін көрсе, лаңкестікке көмектесіп, долларды құйып, тұрақсыздық тудырады",- деді.
БҰҰ Бас ассамблеясындағы Иранның өкілі Сауд Арабиясынан лаңкестікті қолдау мен басқа елдерге қарсы негізсіз айып тағуды тоқтатуды талап етіп: "Иран – адал қарым-қатынас жасайтын елдер үшін әрқашан сенімді көрші",- деді.