АҚШ әлемде оқшау қалды
(last modified Wed, 03 Oct 2018 18:28:25 GMT )
Қаз 04, 2018 00:28 Asia/Almaty
  • АҚШ әлемде оқшау қалды

БҰҰ-дағы Ресейдің тұрақты өкілі Венада АҚШ-тың Иранға қарсы ұстанымдарымен Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінде оқшау қалғанын мәлімдеді.

Михаил Ливанов «Известия» газетіне берген сұхбатында: «Иран тақырыбы Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінің отырысында және одан бұрын Басқарма кеңесінде ауқымды түрде талқыланды. Сондай-ақ, АҚШ-тың оқшау қалғаны  дәлелденді. Израиль, Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірлігі  мен Бахрейн өкілдері АҚШ-тың ұстанымын қолдағанымен басқа елдер АҚШ-тың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шыққанын айыптады. Тіпті, Батыс мемлекеттері де «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы тақырыбында АҚШ-тан алыстап, аталмыш келісімнің үлкен жетістік екенін қуаттады» деді.