АҚШ Вена конвенциясының қайшылықтарды шешу протоколынан шықты
АҚШ Президенті Дональд Трамп үкіметі сионистік режимді қолдау аясында Вена конвенциясының қайшылықтарды шешу туралы протоколынан шықты.
Reuters ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, АҚШ үкіметінің ұлттық қауіпсіздік кеңесшісі Джон Болтон сәрсенбі күні Вашингтонда елінцң басшысы Дональд Трамптың Вена конвенциясындағы қайшылықтарды шешуге қатысты протоколдан шығуға шешім қабылдағанын айтып: "Вена конвенциясының протоколынан шығу Палестина үкіметі тарапынан көтеріліп, АҚШ елшілігін Тель-Авивтен Құдсқа көшіруді түйткілге ұшырататын іске қатысты",-деді.
АҚШ Президенті Дональд Трамп 2017 жылдың желтоқсан айында сионистік режимді қолдау саясаты аясында Құдсты осы режимнің астанасы ретінде ресми түрде танып, АҚШ елшілігін Тель-Авивтен Құдсқа көшіруге қатысты бұйрық берді.