АҚШ «Иран – лаңкестіктің қолдаушысы» деген жаласын қайталауда
(last modified Sat, 06 Oct 2018 12:26:45 GMT )
Қаз 06, 2018 18:26 Asia/Almaty
  • АҚШ «Иран – лаңкестіктің қолдаушысы» деген жаласын қайталауда

АҚШ үкіметі "Лаңкестікпен күрестегі ұлттық стратегия" атты құжат жариялап, ИИР-ды лаңкестіктің демеушісі деп тағы атады.

Бұл құжатта АҚШ исламдық әсірешіл лаңкестік топтардың қауіп-қатерімен бетпе-бет келіп отырғанына сілтеме жасап: "Біз лаңкестіктің ең маңызды демеушісі, яғни Иранның қоқан-лоққыларымен бетпе-бет келіп отырмыз" деді.

Бұл құжатта ливандық «Хезболла» партиясы Иран қолдау көрсетіп отырған лаңкестік топ ретінде аталып, ИИР-ның осы топ пен басқа топтарды Ирак, Ливан, Палестина жерлері, Сирия және Йемендегі ықпалын арттырып, бәсекелес елдерде тынышсыздық тудыру мақсатында пайдаланып жатқаны туралы айтылған.

АҚШ үкіметінің Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Джон Болтон оны "лаңкестікпен күресудегі жан-жақты әрі толық стратегия" деп атаған бұл стратегия мұның алдында америкалық басшылар мен ақпарат құралдарының АҚШ-тың "әл-Каида", «ДАИШ», "ан-Носрат" майданы мен басқа да лаңкестік топтардың құрылып, күшеюінде рөл атқарғанын мойындаған жағдайда жарияланып отыр.

АҚШ-тың барлау жөніндегі бір топ сарапшысы 2017 жылы желтоқсан айында Иранды лаңкестіктің негізгі қолдаушысы деп атап отырған Трамп үкіметінің сөзіне қатысты Трампқа алаңдаушылық білдіріп, лаңкестіктің қазіргі демеушісінің Иран емес, Сауд Арабиясы екенін, бұрын АҚШ үкіметінің Иранға қарсы лаңкестік топтарға қолдау көрсеткенін баса айтты.

Батыс Азия мәселелері жөніндегі сарапшы Реза Моқаддаси Sputnik ақпарат агенттігіне берген сұхбатында АҚШ-тың осындай айып тағуының себебі жайлы: "Иранның лаңкестікке қатысты айыпталуының бір себебіне АҚШ-тың ядролық келісім мен "Ортақ қадамға" қатысты міндеттемелерін орындамағанын ақтау мәселесі жатады. Америкалықтар өздерінің ерсі әрі пасық әрекетін ақтау үшін «лаңкестікке қолдау көрсету» деген сылтауды ойлап тапты",- деді.

Бұл лаңкестердің Ирандағы шабуылдарында, атап айтқанда Ахваз қаласында орын алған лаңкестік шабуыл кезінде АҚШ пен аймақтық сыбайластарының араласушылықтары байқалған жағдайда орын алып отыр.

АҚШ пен серіктестері ДАИШ және басқа да лаңкестік топтармен күресу үшін іс жүзіндегі әрекеттерді жүзеге асырмауымен қоса, лаңкестерді тікелей немесе жанама түрде әскери қару-жарақтармен қамтамасыз етіп отыр.

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған бейсенбі күні Түркия Телерадио бірлестігінің дүниежүзілік ассемблеясында айтқан сөзінде: "АҚШ қару-жарақ пен қажет құрал-жабдық тиелген 19 000 жүк көлігін Сириядағы лаңкестік топтарға жөнелтті",- деп мәлімдеді.

Ақ үй шын мәнінде өзінің аймақтағы араласушылық әрекеттерін ақтау мақсатында Иранға қарсы дұшпандықты арттырып, аймақтағы өз мақсаттарына жетуді көздеп отыр. Трамптың "Лаңкестікпен күрестегі ұлттық стратегия" атты құжаты да дәл осы негізде дайындалды.