Харрази: Еуропаның болашағы АҚШ-қа тәуелділіктен арылуына байланысты
Иранның Сыртқы қатынас стратегиялық кеңесінің басшысы: «АҚШ Президенті Дональд Трамптың саясаттары басқа елдердің тәуелсіз саясат ұстанып, америкалықтардан өз жолын бөліп алуға себеп болды»,-деді.
ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Камал Харрази сенбі күні Теһранда Аустрияның Еуропадағы қауіпсіздікті зерттеу институтының басшысы Вернер Фасслабендпен кездесіп: «Еуропа өз болашағы АҚШ-қа тәуелділіктен арылуға байланысты деген нәтижеге жетті. Бұл бағытты Қытай да ұстанып отыр»,-деді.
Вернер Фасслабенд та Трамптың Еуропаның позициясын әлсіретіп жібергенін айтып: «АҚШ-қа тәуелсіз қорғаныс және қауіпсіздік саясатын дамыту мен еуроны нығайту Еуроодақ үшін АҚШ-тың қатынасы алдындағы маңызды мәселелер болып табылады»,-деді.