Қытай АҚШ-тан мұнай сатып алуды тоқтатты
(last modified Sun, 07 Oct 2018 10:46:43 GMT )
Қаз 07, 2018 16:46 Asia/Almaty
  • Қытай АҚШ-тан мұнай сатып алуды тоқтатты

Қытайдың «Мерчант» кеме тасымалы компаниясының басшысы жексенбі күні бір сұхбатта Бейжің мен Вашингтон арасында текетірес көбейіп, сауда соғысы күшейген соң Қытайдың АҚШ-тан мұнай сатып алуды толығымен тоқтатқанын хабарлады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Sheih Chun Lin Қытайдың мұнай өңдеу зауыттары мен кәсіпкерлерінен АҚШ-тан шикі мұнай сатып алмауды сұрады.

Қытай тамыз айында АҚШ-тан 9 млн 700 мың баррель мұнай сатып алды. Алайда екі елдің қарым-қатынасы шиеленісіп кеткен соң қыркүйек айында бұл көлем 600 мың баррельге жетті.

АҚШ пен Қытайдың сауда текетіресі АҚШ Президенті Дональд Трамп 2018 жылдың наурыз айында Қытайдан импортталатын тауарларға, соның ішінде болат мен аллюминийге кедендік тарифтерді арттыруға шешім қабылдағаннан кейін басталды.