Индонезиядағы жер сілкінісі мен тасқында құрбан болғандар мен жоғалып кеткендердің саны артты
Қаз 07, 2018 21:18 Asia/Almaty
Индонезияның Төтенше оқиғаларға қарсы ұлттық агенттігі жер сілкінісі мен тасқыннан тоғыз күн өткеннен кейін елдегі құрбандардың санын 1763 адам деп жариялады.
Индонезиялық басшылар қаза болған 1763 адамнан басқа жер сілкінісі мен тасқын салдарынан бес мың адамның жоғалып кеткенін, 70 мың адамның баспанасыз қалғанын хабарлады.
Индонезия басшылары бұдан бұрын Сулавесидегі жер сілкінісі мен тасқын құрбандарының санын 1571 адам деп жариялаған болатын.
Қыркүйектің 28 күні Индонезияның Сулавеси облысында төрт рет жер сілкінісі, кейбір аймақтарда цунами орын алды. Ең күшті жерсілкінісі Рихтер бағамы бойынша 7.5 баллға жетті.
Тегтер