АҚШ Иранның Халықаралық Сотқа түсірген шағымына реакция білдірді
Қаз 09, 2018 14:37 Asia/Almaty
АҚШ Мемлекеттік хатшысы Халықаралық Соттан Иранның ісін жабуды сұрады.
ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Иранның Халықаралық Сотқа түсірген шағымына реакция білдіріп, Иранды Сотты өзінің теріс үгіт-насихаттары үшін пайдаланып отыр деп айыптап, бұл істі тоқтатуды сұрады.
Халықаралық Соттағы АҚШ-тың қорғаушылары дүйсенбі күні өз үкіметінің «Иран лаңкестікті қолдайды» деген айыптарын тағы қайталады.
Иран Халықаралық Сотқа шағым түсіріп, өз есеп-шотының шамамен 2 миллиард долларын қайтаруды талап етті.
Тегтер