Ресей 2019 жылдан бастап Иранға электр қуатын экспорттайды
Қаз 13, 2018 14:02 Asia/Almaty
Ресей Энергетика министрлігі Ресейдің 2019 жылдан бастап экспериментті түрде Иранға электр қуаты экспортын бастайтынын хабарлады.
IRNA ақпарат агенттігінің жұма күнгі мәліметі бойынша, Ресейдің Энергетика министрлігі электр қуатының Ресей мен Әзірбайжан және Иранның энергетика дәлізі арқылы Ислам республикасына экспортталатыны хабарлады.
Мәлімдеме Иран, Ресей және Әзірбайжанның энергетикалық жүйелерін байланыстыру мақсатында Ресейде өткен үшжақты жұмыс тобының алғашқы отырысының соңында бекітілді.
Тегтер