Италиялықтар Сауд Арабиясына қару экспортының жалғасуына наразылық білдірді
(last modified Mon, 15 Oct 2018 03:07:45 GMT )
Қаз 15, 2018 09:07 Asia/Almaty
  • Италиялықтар Сауд Арабиясына қару экспортының жалғасуына наразылық білдірді

Италиялық белсенділер ел үкіметінен Сауд Арабиясына қару экспортын тоқтатуды талап етті.

Италиялық белсенділер Сардиния аралындағы қару-жарақ шығаратын зауыттың алдына жиналып, осы зауытта шығарылатын бомбалардың Сауд Арабиясына сатылуының жалғасуын айыптап, ел үкіметінен Сауд Арабиясына қару экспортын тоқтатуды талап етті.

Шерушілер қолдарындағы саудиялықтардың йемендік балаларға қарсы қылмыстарының суреттерін көрсетіп, Батыс үкіметтерінің бұл қырғынға үнсіздік танытуына сынады.

АҚШ, Британия, Франция, Италия мен Германия – Сауд Арабиясына қару экспорттайтын мемлекеттер. Олардың Сауд үкіметіне сатылатын қарулары Йеменге қарсы соғыста қолданылып жатыр.