Мұнай бағасын төмендету үшін АҚШ санкцияларының күшін жоюы керек
ИИР Мұнай министрі егер АҚШ Иранға қарсы санкцияларының күшін жойса, мұнайдың бағасы төмендейтінін, нарықтың қазіргі теңсіздіктен шығатынын айтты.
ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Иранның Мұнай министрі Бижан Намдар Зангане сейсенбі күні Мұнай мен энергия тақырыбына қатысты 4-ші Конгресс аясында журналистерге берген сұхбатта: «АҚШ Президенті Дональд Трамп зорлықпен мұнай бағасын түсіремін деп ойлайды. Мұнай нарығындағы тұрақсыздық – АҚШ әрекеттерінің салдары.
Ешбір елдің мұнайды көбірек өндіретін мүмкіндігі жоқ және мұнай нарығындағы қазіргі жағдай түзелмейді. Өйткені, эксперттердің пікірінше, нарық тапшылықпен бетпе-бет келіп отыр. Сауд Арабиясы әлемдік нарықтағы мұнай тапшылығының орнын толтыру үшін өзінің мұнай қорын пайдалануда. Сауд Арабиясының бұл істі қай уақытқа дейін жалғастыра алатыны белгісіз»,- деді.