Ирандық футболшы – Азия халықтары кубогі тарихының үздік қорғаушысы
https://itolqyn.com/news/world-i39464-Ирандық_футболшы_Азия_халықтары_кубогі_тарихының_үздік_қорғаушысы
Азия футбол конфедерациясы (АҒС) сайты пайдаланушыларының пікірі бойынша, ирандық футболшы Мәһди Маһдавикиа Азия халықтары кубогі тарихының үздік қорғаушысы болып таңдалды.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қаз 17, 2018 21:40 Asia/Almaty
  • Ирандық футболшы – Азия халықтары кубогі тарихының үздік қорғаушысы

Азия футбол конфедерациясы (АҒС) сайты пайдаланушыларының пікірі бойынша, ирандық футболшы Мәһди Маһдавикиа Азия халықтары кубогі тарихының үздік қорғаушысы болып таңдалды.

Азия футбол конфедерациясы (АҒС) сайтының сауалнамасының нәтижесі бойынша, Иранның ұлттық командасының бұрынғы капитаны Мәһди Маһдавикиа 79 пайыз дауысқа ие болып, Азия халықтары кубогі тарихының үздік қорғаушысы болып таңдалды.

Бұған дейін Иранның ұлттық футбол командасының жұлдызы Әли Даи Азия халықтары кубогының үздік шабуылшысы, Әли Карими Азия кубогы тарихындағы үздік жартылай қорғаушы атанған болатын.