АҚШ халқын ауыр қыс күтіп тұр
(last modified Fri, 19 Oct 2018 02:44:53 GMT )
Қаз 19, 2018 08:44 Asia/Almaty
  • АҚШ халқын ауыр қыс күтіп тұр

АҚШ-тың энергетика туралы ақпарат тарату басқармасы: «Иран мұнайына санкция салу америкалықтар үшін ауыр қыс тудырады»,-деп ескертті.

«The Washington Agreements» сайтының хабарлауы бойынша, АҚШ-тың энергетика туралы ақпарат тарату басқармасы Иранға қарсы санкциялар салдарынан мұнай бағасы өсуінің америкалықтарды алдағы қыста отынмен жылыту құнын төлеуде қиындыққа ұшырататынын хабарлады.

АҚШ-тың энергетика туралы ақпарат тарату басқармасының болжамы бойынша, АҚШ-тағы мұнай өнімдерінің құнына айрықша әсер ететін Brent шикі мұнайының бағасы алдағы қыста орташа есеппен алғанда барреліне 79 долларға жететді. Бұл өткен қыспен салыстырғанда 15 долларға қымбат.