Ресей АҚШ-тың Сирияға қатысты кез келген санкциясына жауап беретінін жариялады
(last modified Fri, 19 Oct 2018 03:59:30 GMT )
Қаз 19, 2018 09:59 Asia/Almaty
  • Ресей АҚШ-тың Сирияға қатысты кез келген санкциясына жауап беретінін жариялады

Ресей Сыртқы істер министрінің орынбасары санкцияны АҚШ-тың Сириядағы «қате саясатының» бір бөлігі деп атап, Мәскеудің бұл санкцияларға жауап беретінін жария етті.

«Спутник» ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Сергей Рябков сәрсенбі күні: «АҚШ-тың Сирияны қайта жөндеуге атсалысып жатқан ресейлік және ирандық компанияларға санкция салу ниеті Вашингтонның соғыстан зардап шеккен осы елді жөндеу үдерісін бұзуға талпынып жатқанын дәлелдейді»,-деді.

Рябков АҚШ-тың Сириядағы саясатын жауластық сипаттағы қате саясат деп сипаттап: «Астана келіссөздерінде басталған бейбітшілік үдерісін ілгерілетуге тосқауыл жасау – Вашингтонның Сирияға қарсы жасап отырған жауластық сипаттағы қате ірі жеккөрінішті саясатының бір бөлігі»,-деді. NBC телеарнасы жуырда хабардар дереккөзіне сілтеме жасап, АҚШ үкіметінің Сирияда жаңа операциялар стратегиясын дайындап жатқанын, Сирияны қайта жөндеуге атсалысып жатқан ресейлік және ирандық компанияларды жазалау мүмкіндігінің қарастырылғанын мәлім етті.