Ауғанстандағы Иран елшілігі Кандагардағы лаңкестік шабуылды айыптады
https://itolqyn.com/news/world-i39491-Ауғанстандағы_Иран_елшілігі_Кандагардағы_лаңкестік_шабуылды_айыптады
Кабулдегі Иран елшілігі мәлімдеме жариялап, Кандагардағы лаңкестік шабуылды айыптауымен бірге бұл елдің үкіметі мен халқына және құрбан болғандардың отбасыларына көңіл айтты.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қаз 19, 2018 16:48 Asia/Almaty
  • Ауғанстандағы Иран елшілігі Кандагардағы лаңкестік шабуылды айыптады

Кабулдегі Иран елшілігі мәлімдеме жариялап, Кандагардағы лаңкестік шабуылды айыптауымен бірге бұл елдің үкіметі мен халқына және құрбан болғандардың отбасыларына көңіл айтты.

 

Бейсенбі күнгі Кандагар әкімшілігі ғимаратына жасалған лаңкестік шабуылда полиция қолбасшысы мен Кандагардың ұлттық  қауіпсіздік кеңесінің басшысы қаза болып, бірнеше облыстың  жауапты тұлғасы жарақат алды. Бұл шабуылдың жауапкершілігін Талибан тобы өз мойынына алды.

ИРНА-ның мәліметі бойынша, Ауғанстандағы Иран елшілігінің мәлімдемесінде Кандагардағы лаңкестік шабуылдың елдің қауіпсіздігі мен бейбітшілігіне қайшы екендігі айтылған.