Трамп Ресеймен арадағы ядролық зымырандарға тыйым салу келісімінен шығатынын мәлімдеді
АҚШ Президенті сенбі күні осы елдің Невада штатының Елко қаласында Ресейді "Орта қашықтыққа арналған ядролық зымырандарға тыйым салу" келісімін (INF) бұзды деп айыптап, Вашингтонның келісімнен шығатынын жариялады.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Дональд Трамп өз уәжін дәлелдейтін ешбір құжат болмаған жағдайда Ресейді аталмыш келісімді бұзды деп айыптап отыр.
Трамп, сондай-ақ, Ресей мен Қытай өз ядролық қаруларын дамытуды тоқтатпайынша АҚШ-тың өз ядролық қаруларын дамытатын туралы уәж айтты.
Guardian газеті жұма күнгі бір мақаласында Ақ үйдің Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Джон Болтонның АҚШ-ты осы келісімнен шығаруға талпыныс жасап жатқанын хабарлаған болатын.
АҚШ пен Ресей 1987 жылдың шілде айында Вашингтонда "Орта қашықтыққа арналған ядролық зымырандарға тыйым салу" келісіміне (INF) қол қойды. Келісім 1988 жылдан бастап күшіне енді. Соған сәйкес, Вашингтон мен Мәскеуге баллистикалық және қанатты зымырандарын Еуропаға орналастыруға тыйым салынды.