Джон Керри мен Адел әл-Джубейр жауырды жаба тоқуда
Елдері бірлесіп, Йеменнің бейкүнә халқын қырып-жоюда рөл атқарып отырған АҚШ және Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрлері Иран Ислам Республикасын аймақ елдерінің ісіне араласып отыр деп айыптады.
АҚШ- тың Мемлекеттік хатшысы Джон Керри бейсенбі күні түстен кейін Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі Адел әл-Джубейрмен бірге Бахрейн астанасы Манамада тілшілер алдында олардың сауалдарына жауап берер кезде аймақтағы қазіргі шындықтардан қашқақтап, жауырды жаба тоқу үшін өзгеге кінә тақты.
АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Сауд Арабиясын Йеменде бейбітшілік орнатудың көшбасшысы әрі бастамашысы деп таныстырып, Иран Ислам Республикасы Йеменде соғыс отын лаулатудың орнына оң рөл атқарсын деген уәж айтты. Өз елі Сауд Арабиясына Йеменде соғыс отын лаулату үшін тыйым салынған түрлі қаруларды ұсынып отырған Джон Керри «Сауд Арабиясы Йеменде бейбітшілік орнатуда оң рөл атқарды» деген уәж айтты.
Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі Адел әл-Джубейр де Джон Керриге ілесіп, «Иран аймақта қастық саяст ұстанып отыр» деген уәж айтып: «Егер Иран осы саясатын жалғастырса Сауд Арабиясының Иранмен байланыс орнатуы қиынға соғады» деді.
Йемен Сауд Арабиясының америкалық қарулармен соғыс ашуынан бір жыл өткен соң адамзатқа қарсы қылмыстың көрмесіне айналып отыр. Бостандық сүйгіш әр адам осы соғыс пен Йемен халқының ісіне әшкере түрде араласудың бейнелерін көргенде қиналады.
Жеті мыңнан астам йемендіктің, соның ішінде бейкүнә балалар мен әйелдердің өлтірілуі, мыңдаған йемендіктің жаралануы және осы ел халқының тұрмыс- тіршілігінде маңызды рөлге ие негізгі инфрақұрылымдарының қиратылуы Сауд Арабиясының АҚШ- тың көмегімен аймақта соғыс ашуының бір бөлігіне жатады. Осы шеңберде Адам құқығын бақылаушы ұйым өзінің жаңа есебінде «Саудияның шапқыншы коалициясы америкалық бомбаларды пайдаланып, 2016 жылдың 15- ші наурыз күні шабуыл жасап Йеменнің солтүстік- батысында шамамен 100 бейбіт азаматты, соның ішінде 25 баланы ажал құштырды» деп мәлімдеді.
Адам құқығын бақылаушы ұйымның мамандары Йемендегі майдандық зерттеулері барысында 28- ші наурызда америкалық «MK-84» бомбасынан құралған «GBU- 31» бомбасының қалдықтарын тапты. Адам құқығын бақылаушы ұйымның мәлімдеуінше, Америка ұсынған қарулар өткен 15- ші наурызда Сауд Арабиясының Йемендегі бейбіт азаматтарға қарсы ең қанқұйлы шабуылдарының бірінде қолданылған.
Қолда бар айғақ- деректер қоғамдық пікір үшін АҚШ пен Сауд Арабиясының Йеменде соғыс қылмыскері ретінде рөл атқарып жатқанын және олардың өзгені кінәлауы ешқашан қоғамдық пікірдің көзқарасын өзгертпейтінін дәлелдейді. Эр- Рияд және Вашингтон Батыс Азия аймағындағы өз мүддесін алға жылжыту үшін кез- келген әрекетке барады. Олардың саясатына қарсы тұрып, ақиқатты анықтаушылар «аймақта қастық саясат ұстанып, соғыс ашып отыр» деп айыпталады.
ИИР аймақтағы жәбірленген ұлттардың шын қолдаушысы ретінде әрдайым зорлықшыларға қарсы тұрады. Иранның аймақтағы, әсіресе Сирия мен Йемендегі тыныштық сыйлаушы және қауіпсіздік қалыптастырушы саясаты Сауд Арабиясы мен АҚШ- тың соғыс ашу саясатына қарсы.