Ауғанстандағы парламенттік сайлауға 3 млн адам қатысты
https://itolqyn.com/news/world-i39522-Ауғанстандағы_парламенттік_сайлауға_3_млн_адам_қатысты
Ауғанстан Сайлау комиссиясының басшысы сайлаудың бірінші күніне шамамен 3 млн адам қатысқанын хабарлады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қаз 21, 2018 17:06 Asia/Almaty

Ауғанстан Сайлау комиссиясының басшысы сайлаудың бірінші күніне шамамен 3 млн адам қатысқанын хабарлады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Галаджан Абдул Бади Сайад бүгін Кабулда тілшілермен өткізген баспасөз маслихатында: "Ауғанстандағы парламенттік сайлауға қатысу шарттарына ие 8 млн 800 мың адам бұдан бұрын 33 сайлау учаскесіне барып тіркелген. Кеше 3 млн-ға жуық адам дауыс берді. Ауғанстанның 14 уалаятындағы сайлау учаскелерінде кеше техникалық ақауларға байланысты қауіпсіздік сақталмағандықтан сайлау өтпеді. Бұл жерлерде дауыс беру бүгін, жексенбі өтіп жатыр",-деді.

Кеше Ауғанстанның жер-жерінде 192-ге жуық лаңкестік шабуыл болды. Солардың салдарынан шамамен 40 адам қаза тауып, 180-нен астам адам жараланды.