Парсы шығанағының інжуі әлемдік деңгейде тіркелді
Қаз 22, 2018 22:40 Asia/Almaty
Иранның Өнеркәсіп, кен және сауда министрлігінің өнеркәсіптік меншік кеңсесінің басшысы Сейед Мехди Салехи Иранның Парсы шығанағында өндірілетін інжудің Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымында (World Intellectual Property Organization –WIPO) тіркелгенін хабарлап:
«Парсы шығанағының інжуі WIPO-да әлемдік деңгейдегі тіркеуден өткеннен кейін бұл шығанақ ресми түрде тек "Парсы шығанағы" деп аталатын болады. Ешбір елдің басқаша атауға құқығы жоқ",-деді.
Әлемдегі ең жақсы інжулер Парсы шығанағында өндіріледі.
Парсы шығанағы інжуінің айрықша жарқырауының сыры оның ащы және тұщы сулардың ерекше құрамымен байланысты болуы ықтимал.
Тегтер