АҚШ-тың жер-жерінде полицияның зорлық-зомбылығына қарсы наразылық шерулері өтті
АҚШ халқы "Полицияның қатыгездігімен күрес" ұлттық күні полиция қызметкерлерінің америкалық азаматтарға қатысты зорлық-зомбылығына қарсы наразылық шерулеріне шықты.
Sputnik ақпарат агенттігінің хабарлауынша, шерулер дүйсенбі күні полиция қызметкерлерінің адам өлтіруі мен зорлық-зомбылықтарына наразылық білдіру мақсатында АҚШ-тың астанасы Вашингтонмен қоса, Чикаго және тағы бірнеше қалада ұйымдастырылған. Шерушілер АҚШ полициясының елдегі түрлі-түстілер мен қара нәсілділерге қатысты адамгершілікке жатпайтын әрекеттеріне наразылық білдірді.
Вашингтондағы әлеуметтік белсенді Коми Паррет АҚШ полициясының қара нәсілділер мен басқа да қарапайым азаматтарға қарсы зорлық-зомбылық әрекеттерінің күн сайын қайталанатынын мәлімдеді.
1996 жылдан бастап 22 қазан АҚШ-та "Полицияның қатыгездігімен күресу" ұлттық күні ретінде белгіленген.