АҚШ-тың жер-жерінде полицияның зорлық-зомбылығына қарсы наразылық шерулері өтті
https://itolqyn.com/news/world-i39565-АҚШ_тың_жер_жерінде_полицияның_зорлық_зомбылығына_қарсы_наразылық_шерулері_өтті
АҚШ халқы "Полицияның қатыгездігімен күрес" ұлттық күні полиция қызметкерлерінің америкалық азаматтарға қатысты зорлық-зомбылығына қарсы наразылық шерулеріне шықты.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қаз 23, 2018 21:31 Asia/Almaty
  • АҚШ-тың жер-жерінде полицияның зорлық-зомбылығына қарсы наразылық шерулері өтті

АҚШ халқы "Полицияның қатыгездігімен күрес" ұлттық күні полиция қызметкерлерінің америкалық азаматтарға қатысты зорлық-зомбылығына қарсы наразылық шерулеріне шықты.

Sputnik ақпарат агенттігінің хабарлауынша, шерулер дүйсенбі күні полиция қызметкерлерінің адам өлтіруі мен зорлық-зомбылықтарына наразылық білдіру мақсатында АҚШ-тың астанасы Вашингтонмен қоса, Чикаго және тағы бірнеше қалада ұйымдастырылған. Шерушілер АҚШ полициясының елдегі түрлі-түстілер мен қара нәсілділерге қатысты адамгершілікке жатпайтын әрекеттеріне наразылық білдірді.

Вашингтондағы әлеуметтік белсенді Коми Паррет АҚШ полициясының қара нәсілділер мен басқа да қарапайым азаматтарға қарсы зорлық-зомбылық әрекеттерінің күн сайын қайталанатынын  мәлімдеді.

1996 жылдан бастап 22 қазан АҚШ-та "Полицияның қатыгездігімен күресу" ұлттық күні ретінде белгіленген.