Идлибті жан шығынынсыз Сирия үкіметіне қайтару жолында талпыныс жасалып жатыр
https://itolqyn.com/news/world-i39577-Идлибті_жан_шығынынсыз_Сирия_үкіметіне_қайтару_жолында_талпыныс_жасалып_жатыр
Иран Сыртқы істер министрінің саяси істер жөніндегі орынбасары Астана келіссөздерінде бейбітшілікке кепіл болған елдердің Идлибті Сирияның заңды үкіметіне жан шығынынсыз қайтаруға талпыныс жасап жатқанын хабарлады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қаз 24, 2018 15:13 Asia/Almaty
  • Идлибті жан шығынынсыз  Сирия үкіметіне қайтару жолында талпыныс жасалып жатыр

Иран Сыртқы істер министрінің саяси істер жөніндегі орынбасары Астана келіссөздерінде бейбітшілікке кепіл болған елдердің Идлибті Сирияның заңды үкіметіне жан шығынынсыз қайтаруға талпыныс жасап жатқанын хабарлады.

IRNA агенттігінің мәліметі бойынша, Хосейн Джабери Ансари Иран, Ресей және Түркияның талпыныстарымен Сирияның солтүстігіндегі Идлибтің бақылауының адам шығынынсыз елдің заңды үкіметіне қайтарылатындығына үміт білдірді. Джабери Ансари Йемен өзгерістері туралы сөзінде Ресей басшыларымен өтетін кездесулерде Йемендегі өзекті мәселелер, соның ішінде елдегі адам апатын тоқтату мәселесі талқыланатынын айтты.

Иран Сыртқы істер министрінің саяси істер жөніндегі орынбасары аймақтағы, әсіресе Сирия мен Йемендегі жағдай туралы пікір алмасу үшін сейсенбі күні саяси  делегацияны бастап, Мәскеуге аттанды.