Рябков: АҚШ-тың әрекеттері Ресейге қауіп төндіріп тұр
(last modified Thu, 25 Oct 2018 14:18:35 GMT )
Қаз 25, 2018 20:18 Asia/Almaty
  • Рябков: АҚШ-тың әрекеттері Ресейге қауіп төндіріп тұр

Ресей СІМ-нің орынбасары АҚШ-тың "Орта қашықтықтағы зымырандарды жою туралы келісімнен" шығуын Ресейге төнген қауіп деп атады.

Ресей СІМ-ның орынбасары Сергей Рябков Ресейдің "Бірінші арнасына" берген сұхбатында «Келіссөздің өтпеуі мен сенімнің аздығы Мәскеу мен Вашингтонның негізгі мәселесі. Вашингтонның "Орта қашықтықтағы зымырандарды жою туралы келісімнен" (INF) шығу туралы шешімі Ресейдің қауіпсіздігін қатерге ұшыратқандықтан бұл әрекет шынайы реакцияны қажет етіп отыр",- деді.

Рябков сондай-ақ, АҚШ-тың осы келісімнен шығуының жалғасында тағы екіжақты маңызды бір құжаттың, нақты айтқанда 2010 жылы қол қойылған Стратегиялық шабуылдаушы қаруларды қысқарту туралы келісімнің (СНВ-ІІІ) қатерге ұшырап отырғанын мәлімдеді.