Иран өкілі әлемді Гаага сотының үкімін жүзеге асыруға шақырды
БҰҰ-дағы ИИР-ның тұрақты өкілі халықаралық қауымдастықты Гаагадағы Халықаралық соттың Иранның АҚШ-тың үстінен түсірген шағымына қатысты үкімін жүзеге асыруға шақырды.
АҚШ-тың "Ортақ қадамнан" шығып, Иранға қарсы ядролық санкциялардың күшін қайтаруының жалғасында Теһран Вашингтонның үстінен Халықаралық сотқа шағым түсірген болатын.
IRNA-ның мәліметі бойынша, Ғоламали Хошру бейсенбі күні кешке БҰҰ Бас ассамблеясында Гаадағы Халықаралық соттың шешімі жайлы сөйлеген сөзінде басқа мемлекеттерден адамгершілікке жатпайтын және заңнан тыс шектеулерді жүзеге асыруда АҚШ-қа көмектесуден бас тартуды сұрады. Кері жағдайда елдердің осы жайттарға қатысты АҚШ-қа қолдау көрсетуі Халықаралық соттың шешімін бұзу әрі құқық бұзушы үкіметке көмек көрсету болып есептелінетін айтты.
Хошру "Ортақ қадамды" БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі тарапынан расталған көпжақты дипломатияның маңызды жетістіктерінің бірі деп атап: "Қауіпсіздік кеңесінің №2231 қарары бойынша Иранмен сауда-экономикалық қатынастарды жеңілдетіп, дамыту қажеттігі қуатталып, барлық мүше үкіметтерден "Ортақ қадамды" жүзеге асыру сұралған",- деді.