Oxfam ұйымы Сауд Арабиясына қару-жарақ сатуды доғаруды сұрады
Аштыққа ұшырағандарға көмек көрсету жөніндегі халықаралық Oxfam ұйымы Сауд Арабиясының Йемен халқын қырып-жойып жасап жатқан қылмыстарына тоқталып, АҚШ пен Еуропа елдерінен Сауд Арабиясына қару-жарақ сатуды доғаруды сұрады.
France-Presse агенттігінің хабарлауынша, Oxfam ұйымы мәлімдемесінде Йеменде әрбір үш сағат сайын бір бейбіт тұрғын қаза болып, көптеген адамдардың ауру мен аштыққа байланысты жан тапсырып жатқанын мәлімдеді.
Oxfam ұйымы АҚШ, Ұлыбритания мен басқа Батыс елдерінің Риядтың Йеменге қарсы соғыста бейбіт тұрғындардың жанын сақтау мәселесін елемегеніне байланысты Сауд Арабиясына қару-жарақ сатуды тоқтатуын сұрады.
Саудиялық сыншы, тілші Джамал Хашоғджидің өліміне қатысты даудың туындауына байланысты Сауд Арабиясы мен Еуропа арасындағы қару-жарақ сату туралы келісімдер тығырыққа тірелді.