Оңтүстік Корея екі Корея арасында 2019 жылға дейін бейбітшілік орнайтындығына үміт білдірді
(last modified Mon, 29 Oct 2018 16:51:22 GMT )
Қаз 29, 2018 22:51 Asia/Almaty
  • Оңтүстік Корея екі Корея арасында 2019 жылға дейін бейбітшілік орнайтындығына үміт білдірді

Оңтүстік Кореяның бір жауапты тұлғасы биылғы жылдың соңына дейін екі Корея арасында соғыстың ресми түрде аяқталғаны жариялануы мүмкін екендігін хабарлады.

Yonhap ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Оңтүстік Кореяның Біріктіру істері жөніндегі министрі Чо Мен Гюн дүйсенбі күні 2018 жылдың соңына дейін  Корея соғысының ресми түрде аяқталғанын жариялау мүмкіндігінің әлі бар екендігін мәлімдеді.

Америкалық бір қайраткердің пікірі бойынша, Солтүстік Корея Корей түбегінде соғысты ресми түрде аяқтау мақсатына жетпей тұрып, алдымен  қарусыздану бағытында шара қолдануы керек.

Корей түбегіндегі жағдай 2018 жылы екі Корей басшыларының екіжақты келіссөздері басталғаннан кейін жақсарды. Екі ел Корей түбегін ядролық қарулардан тазарту және екі елдің қарым-қатынасында жаңа тарау бастау үшін іс жүзінде әрекет етіп  жатқанымен бұл үдеріс АҚШ-тың кедергілері салдарынан баяу ілгерілеуде.