Иран Сыртқы істер министрі мен Пәкістан Армиясы құрлық күштерінің қолбасшысы Исламабадта кездесті
Иран Сыртқы істер министрі мен Пәкістан Армиясы құрлық күштерінің қолбасшысы Исламабадта кездесіп, пікір алмасты.
Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф Пәкістан Армиясының құрлық күштерінің қолбасшысы Камар Джавед Баджвамен кездесуінде аймақтың жағдайы және екі ел арасындағы шекараның қауіпсіздігі туралы сөйлесіп, Теһран-Исламабад ынтымақтастықтарын нығайту керектігін қуаттады.
Зариф бұл кездесуден бұрын Пәкістанның Сыртқы істер министрі Шах Махмуд Курешимен кездесіп, екіжақты қарым-қатынастар мен қауіпсіздік мәселелері, соның ішінде ирандық ұрланған шекарашылар туралы кеңескен болатын.
2018-ші жылдың қазан айының 15 күні Иранның оңтүстік-шығысындағы Мерджаве аймағында лаңкестік топтар ирандық 12 шекарашыны Пәкістанға әкетті.
Мұхаммад Джавад Зариф сәрсенбі күні таңертең жоғары лауазымды қайраткерлердің тобын басқарып, Иранның ұрланған шекарашыларының жағдайын анықтау үшін Пәкістанға келді.