Ирандық жаттықтырушы – Азия кубогы тарихының үздігі
Азия футбол конфедерациясы (АҒС) сайты пайдаланушыларының пікірі бойынша, Иранның ұлттық футбол құрама командасының бұрынғы жаттықтырушысы Хешмат Моһаджерани Азия халықтары кубогы тарихының үздік жаттықтырушысы атанды.
Азия футбол конфедерациясының сайты сол құрлықта өтетін 2019 жылғы футбол лигасы қарсаңында Азия халықтары кубогы тарихының үздік жаттықтырушысына үміткерлерді жариялап, сайт пайдаланушыларынан үздік жаттықтырушыны анықтауға дауыс беруді сұрады. Олардың пікірі бойынша, Иранның ұлттық футбол құрама командасының бұрынғы жаттықтырушысы Хешмат Моһаджерани бұл тізімнің көшбасшысы болды. Бұдан бұрын Азия футбол конфедерациясы сайтының сауалнамалары бойынша ирандық Насер Хиджази Азия халықтары кубогы тарихының үздік қақпашысы, Мәһди Махдавикиа үздік қорғаушы, Әли Карими үздік жартылай қорғаушы, Әли Даи үздік шабуылшы атанған болатын.