Ақ үй Иранға қарсы санкциялардың барлығын қайтаратынын мәлімдеді
(last modified Sat, 03 Nov 2018 10:49:37 GMT )
Қар 03, 2018 16:49 Asia/Almaty
  • Ақ үй Иранға қарсы санкциялардың барлығын қайтаратынын мәлімдеді

АҚШ үкіметі қарашаның бесінен бастап Иранға салынған ядролық санкциялардың қайта күшіне енетінін мәлімдеп, сегіз мемлекетті мұнай санкцияларынан босатуға мәжбүр болғанын мойындады.

Al Alam арнасының мәліметі бойынша, АҚШ үкіметінің басшылары жұма күні кеме жүргізу, қаржы және энергетика салаларын қамтитын Иранға салынған ядролық санкцияларының қалған бөлігінің қарашаның бесі, дүйсенбіден бастап толығымен жүзеге асырылатынын мәлімдеді.

Сонымен бірге, АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео сегіз елдің Иранға қарсы мұнай санкцияларынан босатылатынын мәлімдеді.

Помпео бұл елдердің АҚШ-тың қоқан-лоққыларына қарамастан Иран мұнайын импорттауды тоқтатпағанын мойындады.

АҚШ Қаржы министрі Стивен Мнучин жұма күні Иранға қарсы салынған ядролық санкциялар тізіміне 700 ирандық азамат пен  ұйым атауының қосылғанын, елінің Иранның SWIFT (Банкаралық қаржы байланыстарының әлемдік қоғамдастығы) жүйесімен байланысын үзуін қалайтынын да айтты.

Мнучин егер SWIFT жүйесі Иранға қарсы санкцияларға көзжұмбайлық танытатын болса, АҚШ-тың оған да санкция салуға әзір екендігін айтып, қоқан-лоққы жасады.