Зариф: АҚШ-тың саясаттары әлем елдерінің іс жүзіндегі қарсылығына ұшырады
ИИР Сыртқы істер министрі АҚШ-тың саясаттары мен шешімдерінің әлем елдерінің іс жүзіндегі қарсылығына ұшырағанын айтты.
ИИР Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф сенбі күні Италияда D8 тобына мүше елдер Сыртқы істер министрлерінің он сегізінші отырысы аясында IRNA ақпарат агенттігіне берген сұхбатында елдердің басым бөлігінің АҚШ-тың қатынасына, әсіресе біржақты санкциялар салуына қарсылық білдіре бастағанын айтты.
Мұхаммад Джавад Зариф АҚШ-тың санкцияларды қайта салатыны туралы уәждеріне қатысты: "Иранның санкцияларға қатысты ұстанымы айқын. Бұл санкциялар заңсыз, "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына қайшы және БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің қарарлары мен Халықаралық Әділет сотының үкіміне кереғар",-деді.