Ресей АҚШ-тың мұнай санкциялары кезеңінде де Иранның жанынан табылады
Қар 04, 2018 10:46 Asia/Almaty
Ресейдің Энергетика министрі АҚШ-тың Иранның мұнай өнеркәсібіне қарсы қарашаның төртінен бастап күшіне енетін санкцияларына қарамастан Ресей Теһранмен шикі мұнай саудасын жалғастыратынын айтты.
Ресейдің Энергетика министрі Александр Новак жұма күні ұлыбританиялық The Financial Times газетіне берген сұхбатында: "Біз санкция жағдайында өмір сүріп жатқанымызбен біржақты түрде және БҰҰ-ның растауынсыз жарияланған санкцияларды ресми түрде мойындамаймыз және мұндай әдістерді заңсыз санаймыз.
Ресей Теһранмен мұнай мәмілелерін жалғастыра береді. Соған қатысты АҚШ-тың қарымта әрекеттерінен қорықпайды. Біз серіктестермізбен бірге Иранмен ынтымақтастығымызды үзбейміз",- деді.
Тегтер