The Washington Post: АҚШ Иранның әскери әлеуетінен қорқады
(last modified Mon, 05 Nov 2018 06:54:10 GMT )
Қар 05, 2018 12:54 Asia/Almaty
  • The Washington Post: АҚШ Иранның әскери әлеуетінен қорқады

The Washington Post газеті өз мәлімдемесінде өткен айларда АҚШ-тың Парсы шығанағынан кейін шегінгеніне тоқталып: "Америка басшылары Иранның дамып келе жатқан әскери әлеуетіне алаңдап отыр",- деп жазды.

Осы газеттің мәліметі бойынша, Иранға қарсы энергетика саласындағы санкциялардың қайтарылу уақытының жақындағанына байланысты Пентагонның кемелері, әскери ұшақтары және зымырандық қорғаныс жүйелерін аймақтан шығару шешімімен АҚШ басшыларының алаңдаушылықтары артты. Осы мәлімдеме бойынша, Трамп үкіметі кезінде  АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздік саласындағы басты мәселелерінің өзгеруімен, сондай-ақ, Ақ үйдің Қытай және Ресеймен әскери бәсекеге түсуіне Трамптың көңілі көбірек ауғанына байланысты АҚШ-тың Таяу Шығыстағы ықпалы азайды.