Иран ұлттардың империализмге қарсы күресінің алғы шебінде
(last modified Mon, 05 Nov 2018 17:44:24 GMT )
Қар 05, 2018 23:44 Asia/Almaty
  • Иран ұлттардың империализмге қарсы күресінің алғы шебінде

Дүниежүзілік империализмге қарсы жастар одағы өз мәлімдемесінде бүгін Ираннның әлемдегі ұлттардың империализмге қарсы күресінің алғы шебінде екенін мәлімдеді.

Әлемнің 26 еліне тиесілі 30 антиамерикалық партия, қоғамдастық пен институттан тұратын Дүниежүзілік империализмге қарсы жастар одағы мәлімдеме жасап: «Біз, империализмге қарсы жастар АҚШ Президенті Дональд Трамптың Иранға қарсы санкцияларды қайтарып, қысымдарды арттыру туралы жаңа шешімін айыптап, үлкен күресте өзіміздің ирандықтармен бірге екенімізді жариялаймыз. Әлемнің барлық тәуелсіз елдерін Иранмен байланысты нығайту арқылы АҚШ-тың шешімін жеңіліске ұшыратуға шақырамыз.

 1979 жылдың қараша айының төрті күні Теһрандағы АҚШ елшілігінің басып алынуы әлем халықтарының империализмге қарсы күрес жолындағы бетбұрыс нүктесі, АҚШ-тың жылдар бойы Иранның ішкі ісіне араласып, қысым мен талан-тараж жасағанына қарсы Иран халқының революциялық ерік-жігерінің символы болды. Иран халқының империализмге  40 жыл бойы төтеп беруі әлем революционерлеріне тәуелсіздік, әділет пен бейбітшілікке жету жолындағы күресте шабыт береді»,-деп жазды.